Президент Телерадиокешенінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар, алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
Құралай Баяндина — «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасы басқарушы директорының орынбасары;
Нағашыбек Алдан — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА басқарушы директоры;
Дана Рысмухамедова — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА басқарушы директорының орынбасары — орыс редакциясының бас редакторы.
«Шапағат» медалімен марапатталғандар:
Меруерт Оңтай — Президент ТРК директорының кеңесшісі;
Саят Жәйтиков — ТӨҚ телевизиялық және деректі жобалар секторының жетекші телеоператоры;
Жеңіс Ахметжанов — Цифрлық медиа және тарату дирекциясының бас редакторы;
Нұршапағат Несіпбаев — «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің жетекшісі — бас редакторы.
Мемлекет басшысының Алғыс хаттарын алғандар:
Ризабек Нүсіпбек — «Қазақпарат» — «Казинформ» Төте жазу редакциясының шеф-редакторы;
Аслан Иса — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА Мультимедиалық контент өндіру қызметіней шеф-редакторы;
Махабад Сыздыкова — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА орыс редакциясының шеф-редакторы;
Наталья Буренкова — «Jibek Joly» радиоарнасының жетекшісі;
Ольга Асхожина — «Jibek Joly» радиоарнасы бағдарламаларының жүргізушісі;
Талғат Серіков — Web-интерфейстер және инфографика қызметінің мультимедиа дизайнері;
Ильзат Сафаргалиев — Ақпараттық технологиялар IT-қызметінің бас инженері;
Айжан Қасымова — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА Мультимедиалық контент өндіру қызметінің арнайы тілшісі;
Алтынай Сағындықова — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА Өңірлік жаңалықтар қызметінің тілшісі.
ҚР Президенті Іс басқармасының Алғыс хаттарын алғандар:
Данияр Рамазанов — ТӨҚ дыбыспен қамтамасыз ету секторының дыбыс режиссері;
Азамат Ерболатов — Деректі кино орталығының бейнемонтажшысы;
Асқар Шалов — «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасы Техникалық қамтамасыз ету қызметі аппараттық-студиялық блогының жетекші инженері;
Аида Ілімжан — PR-қызметтің кеңесшісі;
Татьяна Корякина — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА Өңірлік жаңалықтар қызметінің тілшісі.
ҚР ПІБ Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:
Руслан Тәуекелов — Коммуникация және үйлестіру қызметінің жетекшісі;
Данира Ысқақова — «Қазақпарат» — «Казинформ» ХАА орыс редакциясының тілшісі;
Данияр Жанәлі — Digital-дамыту бөлімінің project-менеджері;
Саят Серікұлы — Деректі кино орталығының бейнемонтажеры;
Асылбек Құспанов — «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасы Режиссерлік қызметінің бейнеинженері.