Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турниріне барды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингілік турнирінің белдесулерін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Президентпен бірге мәртебелі меймандар қатарында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер де болды. 

Фото: Ақорда

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы келді. Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.  

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетейік, халықаралық аренада ел намысын 53 қазақстандық палуан қорғап жатыр.

Бұған дейін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 басталғанын хабарлағанбыз.