Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдап, тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.