Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.
Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
— Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті, — делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР Президентінің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланғанын жазғанбыз.