Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Душанбеде кездескен болатын.

Мемлекет басшысы жақында Ресейге сапармен баратынын айтты.

Владимир Путин Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.