Мемлекет басшысы республикалық басылымға сұхбат береді
21:17, 30 Желтоқсан 2024
АСТАНА.KAZINFORM - 2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді.
Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды.
Осыған дейін бірқатар мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жаздық.