Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Руанда Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елінің өркендеуі жолындағы бастамаларына табыс тіледі.
13:29, 20 Шілде 2024
Мемлекет басшысы Поль Кагамені Руанда Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.