Мемлекет басшысы Самарқанд қаласына барды

Фото: Фото: Ақорда

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандқа барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президентті әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды. 

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын.