Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Президент Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға құттықтау жеделхатын жолдады.

Сонымен қатар  Kazinform тілшісінің араб әлемінің саяси ықпалы және трансформациясына қатысты талдау материалы жарияланды. Аталған мақалада кейінгі 5 жылда араб елдерінің саяси ықпалы олардың өзгермелі халықаралық реалияға бейімделу қабілетінің арқасында айтарлықтай арта түскені айтылған.