Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аумағы 24 мың шаршы метр болатын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған.

Фото: Ақорда

Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген. 

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты.

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барғанын жазған болатынбыз.