Мемлекет басшысы Шымкенттегі сауда-логистика орталығына барды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
Аумағы 24 мың шаршы метр болатын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған.
Фото: Ақорда
Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.