Мемлекет басшысы Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мемлекет басшысының құттықтау хатын мерейтой иесіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құттықтауда Президент Сауытбек Абдрахмановтың отандық журналистика мен әдебиетті дамытуға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
— Саналы ғұмырыңызды ұлттық рухани құндылығымыздың кең қанат жаюына арнап келесіз. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы — «Егемен Қазақстан» газетінің беделін арттыруға, отандық медиа саласының жаңа белеске көтерілуіне қосқан үлесіңіз мол. Сіз саяси-әкімшілік қызметтерді абыройлы атқарып, қоғам дамуындағы іргелі істердің бел ортасында жүрдіңіз, — делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық, ұзақ та жемісті ғұмыр тіледі.