Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Еске салсақ, бұған дейін Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдағанын жаздық.