— Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев жаңа қызметке тағайындалғанын жазған болатынбыз.