Мемлекет басшысы СПЕКА саммитіне қатысу үшін Бакуге барды
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: Ақорда
Фото: АқордаФото: Ақорда
Айта кетейік, кеше ҚР Президенті ҰҚШҰ жиынына қатысу үшін Беларусь Республикасына барды.
Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті Александр Лукашенко қарсы алды.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төраға болатын болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясында сөз сөйледі.
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.