Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады
14:44, 02 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.
Айта кетелік Президент БАӘ Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездескен еді.