Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айтты
16:33, 25 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Патшайым-Ана Сирикиттің қайтыс болуына байланысты Король Маха Вачиралонгкорн мен барша Таиланд халқына көңіл айтты.
Айта кетейік, Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның анасы, бұрынғы патшайым Сирикит 93 жасында қайтыс болды.
Ол 60 жылдан астам уақыт бойы бұрынғы монарх Пхумипон Адульядеттің әйелі болды.