Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
10:00, 09 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді.