Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін Грузияда түрік әскери ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жаздық.

Белгілі болғандай, 11 қараша күні Түркияның C-130 ұшағы Гянджа қаласының әуежайынан ұшып шығып, Грузияның Сигнаги муниципалитеті аумағында құлаған.