Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.