Президент түрікмен елінің басты ескерткішіне тағзым ету арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік екенін көрсетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапармен барғанын хабарлаған едік. Ашхабад әуежайында Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Сонымен қатар сапар аясында Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, Ашхабад төрінде ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты.