Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке барды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін келген шет мемлекеттердің басшыларымен бірге Үлкен Кремль сарайында өткен мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.