Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларын құттықтады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отырғаны туралы жаздық.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.