АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.
Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлері бойынша ең ірі халықаралық жарыс өтті.
Астанада ауқымды жарыстарды өткізуге үлес қосқан еріктілер марапатталған болатын.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.