Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен барды

Фото: Ақорда

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия — АҚШ» саммитіне қатысады.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, бұған дейін Орталық Азия — АҚШ саммиті Еуразияның жаңа геосаясатын қалай айқындайтынын жазған болатынбыз