Мемлекет басшысы Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді. Ұстаздық жолында сүбелі еңбектер жазып, зерделі шәкірттер тәрбиеледі. Ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосып, іргелі істерге белсене атсалысты, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетелік 93 жасқа қараған шағында әйгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, Мемлекет қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден өткен еді.