Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.