Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барғанын жазған едік.