Мемлекет басшысы жасанды интеллект байқауының жеңімпаздарын марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Президент жасанды интеллект саласындағы alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

alem.ai battle жарысының жеңімпаздары 4 аталым бойынша анықталды:

– AI Young Talents – ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;

– AI Driving Power – мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;

– AI Innovators – ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;

– Future Builders – ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі («AI Қауіпсіздік» аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі («AI Экономика»), Астана қаласының әкімдігі («AI Әлеуметтік саясат»), Ақмола облысының әкімдігі («AI Өңір»), Қарағанды облысының әкімдігі («AI Азаматтарға қызмет») және «KEGOC» АҚ («AI Квазимемлекеттік сектор») топ жарды. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлегенін жазған едік.