АСТАНА. KAZINFORM - Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.
Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.
Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.
Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.