Мемлекет басшысы Жозеп Боррельмен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда


Кездесуде тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. 

Фото: Ақорда

Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты.