Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып,зеңбіректен 21 рет оқ атылды.
Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Orzax Group басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдағанын жазған едік.