Мемлекет басшысының Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевты ханзада Әли бен әл-Хусейн құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Президент ресми сапары барысында Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келе жатқаны үшін Иордания көшбасшысына алғыс айтты. Президенттің пікірінше, Иордания – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бейіл ел ретінде халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған мемлекет.

Сапар аясында 10 құжатқа қол қойылды.

Мемлекет басшысы Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар Иордания музейін аралап көрді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда