Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Әбдірахманов лауазымынан босатылды

Фото: Gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Нұрлан Әбдірахманов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Тимур Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.