Мемлекет басшысы «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
15:11, 24 Қараша 2011
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы негізінде, 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамдарын ескере отырып және Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.