Мемлекет басшысы 25 жылдық тарихы бар хатты еске алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан ширек ғасыр бұрын жазылған хатты оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзімнің жеке мұрағатымнан бір адамның екі хатын тауып алып, бүгінгі жиынға алып келдім. Ол - Солтүстік Қазақстан облысының фермері Геннадий Иванович Зенченко.  Біріншісін мен 1991 жылы алыппын. Онда Геннадий Иванович былай деп жазыпты: «Біз қазір республикамыз үшін қандай ауыр жағдай екенін білеміз. Бірден айтайын: ауылда да жағдай қиын. Бізде 2,5 мыңнан астам колхоз бен совхоз бар және олардың бәрі тоқырап тұр. Сіз таяуда халықпен кездескен кезде «Отаның ұлы әрі қуатты болса оны жақсы көру жеңіл әрі көңілге сенім ұялатады», деген едіңіз. Оны сын сағатта жақсы көру одан да маңыздырақ. Біз сын сағаты туғандығын білеміз. Бірақ, біз Сіздің Қазақстанымызды гүлдендіретініңізге сенеміз», - делінген. Екінші хат та содан келіп отыр. Қазір ол Қазақстанның Еңбек Ері. Хат жыл басында келді, - деді Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, хатта Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде еліміздің жеткен жетістіктері айтылған.

«Өзімнің жеке фермерлік шаруашылығым бар. Бұл менің өмірім, жұмысым, менің табысым, отбасымның әл-ауқаты. Қазір немерелерім осы жерде жұмыс істеп жатыр. Біз мың гектар орман отырғыздық, жаңа Астанамызды, бүкіл елімізде жолдар мен фабрикаларды салдық», деп жазған хатында. Мен Геннадий Ивановичты білемін, соңғы уақытта науқастанып жүр еді. Бірақ, ол осы залда болуы тиіс еді. Дегенмен, осы залда аталған шаруашылықты жүргізетін оның ұлы Зенченко Геннадий Геннадьевич отыр. Менің атымнан Геннадий Ивановичке тезірек сауығып кетуін тілеңіз», - деді Назарбаев.