Мемлекет басшысы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Фото: None
АТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Бүгін, Жеңіс күні, Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ Мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы өздерінің жауынгерлік жолдастарын еске түсіруге келген соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін даңқты мерекемен жылы шырайлы құттықтады.

Дәстүрлі акция 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 66 жылдығына арналып отыр.

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ - қаланың ең көне саябақтарының бірі. Оның негізі 19 ғасырдың 70-інші жылдары қаланды. Қазіргі атауын соғыстың алғашқы айларында Алматы қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясы 1075 полкының 28 жауынгерінің Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеуді қорғаудағы ерлігіне байланысты алды. Олардың барлығы қаза тапқаннан кейін «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды.

Мәңгілік алау орнатылған Даңқ мемориалы 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығына арналып жасалды.