«Өмірге аса қажетті қызметтердің жұмысының тоқтап қалуына барынша жол бермей, ахуал күрделенген жағдайда олар кедергісіз жұмыс істейтіндей шараларды қарастыру керек. Әкімдер эпидемиологиялық ахуалдың болжамды күрделенуін есепке ала отырып, стратегиялық нысандардың - ЖЭО, су арналары мен ірі кәсіпорындардың дайындығын қамтамасыз етуі тиіс», - деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.
Айта кетсек бұған дейін Президент Үкіметке шет елдермен, әсіресе жағдай күрделеніп тұрған мемлекеттермен жолдық қатынасты барынша оңтайландыруды тапсырған болатын.