Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі Goldman Sachs банкінің өкілімен кездесті
19:20, 19 Қыркүйек 2022
НЬЮ-ИОРК. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-тің мұнай және шикізат саудасы жөніндегі жаһандық басқарушы директоры Эд Эмерсонмен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта бұл банк «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастық орнатқан.
Сондай-ақ энергетика саласын дамытудың келешегі жөнінде де пікір алмасу болды.
Фото: t.me/bort_01