НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алда әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сонымен бірге, алда бізді әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр. Мемлекеттің басымдығы – әлеуметтік осал азаматтарды қолдау болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл ретте мемлекеттік көмектің атаулы сипатын және оны алу кезіндегі тиісті талаптарды күшейту қажеттігін айтты.
«Әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекс осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап береді», - дейді Президент.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.