Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер туралы ҚР заңына қол қойды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Заңның мақсаты электронды түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігін құқықтық бекіту, сондай-ақ электронды түрдегі аталған қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру болып табылады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.