Мемлекет басшысы Арқалықтың жылу жүйесін қайта жөндеу туралы тапсырма берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіпкешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардыңжүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевастық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудыңмаңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру жәнеҚостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысыА.Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөніндеұсыныс беруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар