Мемлекет басшысы Астананың Қазақстанның елордасы болып жарияланғанына 15 жыл толуына арналған концертті тамашалады

None
  АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бейбітшілік және келісім сарайында осы минуттарда кейіннен Астана деп аталған Ақмоланың Қазақстанның жаңа елордасы болып жариялануына 15 жыл толуына арналған салтанатты концерт өтуде.

Ел Президенті, Қазақстанның басты қаласының негізін қалаған Нұрсұлтан Назарбаев кештің құрметті қонағы болды.

Оның ашылуында сөз алған елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысын барлық көрермендердің атынан құттықтады.

«Сол кездің өзінде Сіз астананы көшіру жөнінде батыл шешім қабылдап, бос сөзге уақыт алдырған жоқсыз, бүкіл халықтың қолдайтынына және таңдалған жолдың дұрыстығына ешқашан күмәнданған жоқсыз.  Бұл -  Президенттің көреген де бірегей ақыл-ойымен ұштасқан шын мәнінде маңызды тарихи шешім болды. Мұндай шешімді жасампаз ұлттың шынайы көшбасшысы ғана жүзеге асырады», - деді И.Тасмағамбетов.

Концерт қала дамуының негізгі кезеңдерін бейнелеген бейнефильммен басталды. Осы атаулы күннің құрметіне сахнада белгілі өнер шеберлері Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Әлішер Каримов  және басқалар ән шырқады. Олардың барлығы да жаңа астананы жырлады.

Еске сала кетейік, 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола республиканың астанасы деп жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырда қала қазіргі - Астана атауына ие болды. Жаңа елорда - Астананың халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымда өтті.