Мемлекет басшысы атына Халықаралық Олимпиада комитеті президентінен хат келіп түсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтау хаты келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Аса ірі спортұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымына тағайындалуынаорай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағыбелсенділігіне жоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқадеген ықыласын атап өтті.

Хатта ХОК-тің Қазақстан Үкіметімен және Ұлттық олимпиадалықкомитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниеттіекені айтылған.

Соңғы жаңалықтар