Мемлекет басшысы банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды
18:41, 28 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу жүйесін жетілдіруге, банк қызметі мен банктік конгломераттардың ашықтығын арттыруға, банктерді анық немесе жасырын үлестес бейінді емес құрылымнан кесіп тастауға, құқықты және қаржы қызметін тұтынушылардың заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету тетіктерін күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.