Мемлекет басшысы: «Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін» деп жұмыс істеуіміз керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін отандық телеарналарға сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Алдымызда тәуелсіздіктің мерекесі келе жатыр. Елімізге құтты болсын, ұзағынан болсын! «Мың өліп, мың тірілген» қазақпыз. Мынау қиыншылықтардан да өтеміз. Қорқатын еш нәрсе жоқ. Бірге болсақ, бар болсақ бәрінен де өтеміз. «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін», деп жұмыс істеуіміз керек. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Оның ар жағында Жаңа жыл келе жатыр. Сондықтан осы мерекелердің барлығы елімізге құтты болсын! Осындай жайбарақат өмір тілеймін, бірлік тілеймін, халқымызға тыныштық тілеймін. Мынау дүниеде болып жатқан неше түрлі қиыншылықтар, дағдарыстар, жарылыстар, өлтірулер бізден аулақ болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, деген тілектен жүріп жатқан елміз. Енді сол тілекті күнде тілеп отыратын халықтың арманын, елімің маған артқан жүгін аман-есен, дұрыс алып жүрсем екен деп тілеймін», - деп түйіндеді сұхбатын ҚР Президенті.