Мемлекет басшысы белгілеген барлық бағдарламаларды мерзімінде орындауға мол мүмкіншілік бар - Т.Яковлева

АСТАНА. ҚазАқпарт - Мемлекет басшысы белгілеген барлық бағдарламаларды мерзімінде орындауға мол мүмкіншілік бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Татьяна Яковлева айтты.

«Біздер Мемлекет басшысы белгілеген барлық бағдарламаларды, экономикамызда нақтыланған барлық басымдықты бағыттарды мерзімінде жүзеге асыруы тиіспіз. Бүгінде ол жұмыстарды толық көлемде атқаруға мүмкіндік жеткілікті», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған бағыт аясында Үкімет зор жұмыстар атқарып, бюджет қаржысы шығыстарын оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.

«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері нақтыланған бюджетте шығыстарды 10 пайызға азайтуды жоспарлауда. Ал квазимемлекеттік сектор 6-дан 12 пайызға дейін қысқартпақ», - деді Т.Яковлева.