Қазақстан Президенті жеке өзінің және ел халқының атынан Г.Бердімұхамедовті Түрікменстандағы президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтады.
«Өткен сайлау нәтижесі - халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің халықаралық беделін нығайту жолындағы Сіздің жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрікменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көрсеткіші.
Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түркіменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді.
Қазақстан түркімен халқының бірлігін, елдің саяси және экономикалық дамуын нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды», - делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түркіменстан Президентін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.