Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында өткен мерекелік концертте болды
10:26, 05 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында өткен мерекелік концертте болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астананың тұрғындары мен қонақтарын отандық және шетелдік жұлдыздардың өз өнерлерімен тәнті етуі жақсы дәстүрге айналды. Биыл да олар Астана тойында әннен шашу шашты. Концертке танымал шетелдік орындаушылар - Лара Фабиан, Лайма Вайкуле, Ресей халық әртісі, композитор және әнші Игорь Крутой және басқалары қатысты.