Мемлекет басшысы бірқатар заңнамалық актілерге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

None
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.